«Пенсияға» шығуға алдын ала қамданыңыз!» атты мақала жарық көрген болатын. Онда біз әлі зейнет жасына толмаған 1959 жылы туылған әйел кісілердің зейнетке шығуға қажетті құжаттарды әзірден құнттағандары жөн екенін жазған едік. Осы ретте редакцияға қоңырау шалып, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарды жолдаған оқырмандарымыз көп болды. Оқырмандардың сауалдарына әлеуметтік төлемдерді ведомстрваралық есептеу орталығы бастығының орынбасары Несібелі Қаражанова жауап берді.
Сұрақ: — Менің құжаттарымда бірізділік сақталмаған. Яғни, есімім құтаттарда қате жағылған. Қарашада зейнетке шығуым керек. Сонда құжатым кері қайтарылып, зейнетақыдан қағыламын ба?
Жауап: — Бүгінгі таңда барлық құжаттар ХҚКО тапсырылады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап біздің орталық ХҚКО келген барлық құжаттарды тексеріп, сараптамадан өткізеді. Өңдейді, электронды құжат қалыптастырады. Тағайындау туралы шешімдердің жобасын әзірлеп, өкілетті органға жолдайды. Біздің құзыретімізге құжатты кері қайтару кірмейді. Ол өкілетті органның құзыретінде. Сіздің жағдайыңызда құжаттарыңызда әріптік қате болса, оны тез арада жөндеп, бірізділікке келтіргеніңіз жөн. Себебі, оны жөндеу де 2-3 айды алуы мүмкін. Ал бұл зейнетақыны дер кезінде тағайындауға кедергі келтіретіні сөзсіз. Сондықтан да, қазірден бастап құжаттарыңызды құнттағаныңыз жөн.
Сұрақ: — Құжаттарымды биыл емес, келесі жылы тапсырсам зейнетжасыма 6 ай қосылатынын естідім. Бірақ ол кезде зейнетақыдан ұтады екенмін. Жалпы биыл шыққаным тиімді ме әлде 6 ай қосып барып шыққаным ба?
Жауап: — 2018 жылдық 1 қаңтарынан бастап жаңа заңға сәйкес, әйелдерге 6 ай қосылады. Егер сіз ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін өз құқыңызды пайдаланбасаңыз, осы заңға сәйкес зейнетжасыңыз тағы 6 айға созылады. Ал зейнетақының мөлшеріне келер болсақ, биыл шықсаңыз 2017 жылдың индекстеу мөлшерімен есептеледі, келер жылы индекс мөлшері өзгеруі мүмкін. Соған байланысты азды-көп айырмашылық байқалуы ықтимал, бірақ көп мөлшерде емес.
Сұрақ: — Көпбалалы ана ретінде зейнетке 53 жасымда шыққан едім. Қазір 63 жастамын. Жаңа заңның менің зейнетақыма әсері болады ма?
Жауап: — Заңға сәйкес, 53 жасыңызда зейнетке шығу құқыңызды толығымен пайдаландыңыз. Соған сәйкес, сізге ең төменгі зейнетақы мөлшері тағайындалды. Ол үшін әр әйелдің 20 жылдық еңбек өтілі мен жыл сайынғы индекстеу мөлшерін қоса есептеледі. Бүгінгі таңда оның мөлшері — 46000 құрайды. Енді алда базалық зейнетақы мөлшерінің есептеу методикасы өзгеріп, қайтадан есептеу жүргізілмек. Онда 1998 жылдан кейінгі жылдар да ескеріледі. Соған сәйкес, сіздің еңбек өтіліңізге қарай базалық зейнетақыңыз өсуі мүмкін.
Сұрақ: — 1985 жылы 1 ақ жыл жұмыс істегенмін. Одан соң 4 баламен үйде отырып қалдым. Екі жылдан кейін зейнетжасына толамын. Зейнетақым қалай есептеледі?
Жауап: — Егер күндізгі бөлімде оқыған болсаңыз, дипломыңыз арқылы еңбек стажын есептетуге болады. Одан бөлек 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байласыты үйде отырған мерзіміңіз де еңбек өтіліміңізге қосылады. Бірақ ескеретін жәйт, балалардың арасындағы жиілік 3 жыл болуы керек. Ал егер аралары 1-2 жас болса, ең үлкен бала мен кенжетайдың арасындағы жылдар есептеледі де толық емес зейнетақы тағайындалады.
Сұрақ: — Мен тоқыма зауытында 40 жыл жұмыс істедім. 1993 жылдан бастап зауыт, фабрикалар жабылып, 5-6 жыл ақысыз еңбек демалысында отырдым. Алайда, менің зейнетақы мөлшерім жұмыс өтілімі аз азаматтармен пара-пар. Бұл қалай?
Жауап: — Кезінде айлықсыз немесе жалақы мөлшері аз болып зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақысын біршама көтеру мақсатында келер жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы қайтадан есептелмек. Онда жұмыс өтілі ескерілетін болады. Бүгінгі таңда сіздің базалық зейнетақыңыз – 14 466 теңге болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ол – 28 000 теңге көтеріледі. Кімде кімнің еңбек өтілім 33 жылдан асса оның зейнетақысы біршама көбееді. Яғни, 1998 жылға дейінгі және 1998 жылдан кейінгі еңбек стажы есептеледі. Оның мөлшері өң төменгі күнкөріс деңгейінің 100%. Мәселен, егер шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі — 30 мың болса, бүгінгі күні 14 466 теңге базалық зейнетақы мөлшері 30 мың болмақ. Бұған өзіңіздің еңбек зейнетақыңыз қосылатынын ұмытпағайсыз.
Дайындаған — Айжан Ермекқызы