«Болмыссыз ұлт жоқ… »

438

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әшім Жанысбек:

    — «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын қолға алып оқығаныңызда қандай әсерде болдыңыз, қандай жауапкершілік жүктеді?

    — Аталған мақаланы оқығанда өте қуандым. Себебі тәрбие мәселесі бізде әлі де болса кемшін қалып жатқаны рас. Біз рухани жаңғыру жолына түспей, басқа елдермен қатар ұлт болмай тағдырымыз неғайбыл болар еді. Рух дегеніміз не, рух ескі шағатай тілінен енген. 90- шы жылдары Алаш ардагерлерінің қайта оралуымен рух сөзі енді. Рух дегеніміз — ол біздің тіліміз, салт-санамыз, болмысымыз, мәдениетіміз. Болмыссыз халық бола алмаймыз, жеке ұлт бола алмаймыз. Басқа ұлттардан өзгешелігіміз осы рухқа байланысты. Рухани жаңғыру ескі рухты, ескі салт сананы қазірге алып келу емес, сол рухымызды жаңғырту, жаңарту. 17 ғасырда Алаш ардагерлері «біз қазақ басқа халықтардан қалып қойдық» деген еді. Әлихан Бөкейхан «Біз жетекшіл түйеге ұқсап кеттік. Кім жетектесе соған ере беретін болдық. Ал біз жылқы мінезді халық едік. Өйткені біздің рухымыз өте жоғары болатын. Біліміміз де жоғары болатын» деді. Кешегі Кеңес дәуірінде қазақ халқының білімі 2 — ақ пайыз деген айтылды. Жоқ, олай емес. Себебі қазақ халқының білімі жоғары болатын. Орыс мәдениетіне қатыстысын ғана айтты. Ал бізде араб тілі мәдениеті, медресе оқығандар, сол жақта білім алғандардың саны 15-17 пайызға жететін болған.

     — Рухани жаңғыруда неден бастаған жөн?

    — Біз білімнен бастағанымыз жөн. Білімсіз — болашақ жоқ. Сондықтан да білімге көп көңіл бөлуіміз қажет.