«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы — «Атамекен» кіші бағдарламасының әкімшісі Ғалымбек Боранбекұлы.
— Осы бағдарлама аясында қандай жұмыс атқарылуда? «Атамекен» кіші бағдарламасының атқаратын жұмысы қандай?
— Бүгінде осы бағдарлама аясында 6 бағытта жұмыс атқарылуда. «Туған жер» бағдарламасының аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасының негізгі бағыты аудандардағы өзекті мәселелерді анықтау, халықтық бастамаларды көтеру, соны бірлесіп шешу болып табылады. Негізгі мақсаты әрбір азамат өзінің туып өскен жеріне, ауылына көмек көрсету. Елбасының арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Кәсіпкерлікті дамытып үлкен дәрежеге жеткендер көп. Сол кісілер өз еліне, ауылына көмек қолын созып, ауылдың көркеюіне көмектессе деген басым бағыты бар. Осы бағдарлама бойынша облыста 10 жоба, 12 іс-шара өткізіліп жатыр. Демеушілер тарапынан әлеуметтік қолдау кіші жобасы іске асырылуда. Демеушілер тарапынан облыста 577 жоба іске асырылуда. Облыстан, ауданнан шыққан демеушілер 31,4 млрд теңгенің жобасын іске асыруда. Білім жобасы, спорт, инфрақұрылым жобасы іске асып жатыр. Мәдениет нысандарын салуға ниет білдіріп жатқан демеушілер көп. Мәдениет саласы бойынша 1 млрд. 232 млн теңгенің 51 жобасы іске асырылуда. Қазығұрт ауданында «Бәйтерек» монутменті, «Жастар» монументі ашылды. Төле би ауданында М. Төлтебаев туып өскен жері Сарқырама ауылында түрлі аңдардың мүсіншелерін қойды. Домалақ ананың ескерткішін соғып жатыр 10 млн теңгеге. Д.Қонаевқа ескерткіш салды. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жеке кәсіпкер өз қаражатына 70 млн теңгеге мәдениет үйін салып берді. Замануаи құрал жабдықтармен, жарықтандырумен салып берді. Осы бағдарламаның арқасында әлеуметтік көмек қолын созған азаматтар көбейіп жатыр. Спорт нысандарын салуға ниеттілер көп.
— Осы бағдарлама бойынша өздеріңіз ұсыныс жасайсыздар ма? Жоқ әлде жеке кәсіпкерлер өздері ұсыныспен шығады ма?
— БАҚ, әлеуметтік желілерде «Рухани жаңғыру» атты сайт ашылған. Демеушілерге интерактивті платформа жаңа бағдарлама ашылған. Әр кәсіпкер өзінің ұсынысын қалдыра алады. Тұрмысы төөмен, бюджет қаражаты жетпейтін мсәелесі бар ауылдарды сайтқа қойып жатырмыз. Осыған орай кәсіпкерлер демеушілер көмек көрсетуге ниеттерін білдіріп жатыр.