Газ мамандары рейдке шықты

362
Газ мамандары рейдке шықты

Газ берушілер тұтынушыларға қауіпті ескерту үшін кезекті рейдке шықты. Бұл жолы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметкерлері төтенше жағдай қызметкерлерімен бірігіп, жеке үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оңтүстікте газдан уланғандардың саны жыл санап артуда. Жыл басынан бері өңірде мұндай 60 қайғылы жағдай тіркеліп, 14 азамат қаза тапқан. Былтырмен салыстырғанда оқыс жағдай 10 пайызға артқан.

Газ мамандары рейдке шықты

Газбен улану жағдайлары көп қабатты үйлерде жиі кездеседі дейді мамандар. Өйткені мұнда тұрғындар орталық жылу қазандығынан өз беттерінше бас тартып, үйлеріне газбен жылыту құралын орнатады. Бірақ, мұндай құбырлар қауіпті болып табылғандықтан, мамандар мейлінше сақ болуды ескертеді.

Газ мамандары рейдке шықты

Түсіндіру жұмыстарынан бөлек енді газға берілетін әр түбіртекте улану жағдайларына байланысты ескертулер жазылатын болды. Сақтық шараларын сақтауды ұмытпасаңыз, сізге келетін қауіп те азаяды дейді мамандар.

Лаура Нахыпқызы