Оңтүстік дихандары 5 елге 400 мың тонна бақша өнімін экспорттады

732
Оңтүстік дихандары 5 елге 400 мың тонна бақша өнімін экспорттады

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары биылғы 9 айда Ресей, Беларусия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония және Германияға 225 мың тоннадан астам қауын, 148 мың тонна қарбыз, 14 мың тоннаға жуық жүзім, 43 мың тонна шамасында қырыққабат экспорттаған. Соның ішінде бір Ресей нарығына 145 мың тоннадан астам қауын-қарбыз шығарылды.

Өңір шаруалары көкөніс пен бақшадан басқа бұл елдерге күркетауық еті, сусындар мен ірі қара малға арналған азық пен балық консервілерін шығарып келеді.

Оңтүстік дихандары 5 елге 400 мың тонна бақша өнімін экспорттады

Соңғы уақытта облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды қолданудың арқасында бақша өнімдерінің көлемі артты. Осының нәтижесінде, жеміс импортының үлесі 99,3 млн долларға немесе 33,3 пайызға, ал көкөніс 6,2 млн долларға немесе 4,8%-ға төмендеген.

Оңтүстік дихандары 5 елге 400 мың тонна бақша өнімін экспорттады

Жалпы Оңтүстік Қазақстанда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстанға өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін саудалауда.

Аграрлы аймақтың шаруалары көкөніспен қатар дәнді дақылдарды да экспорттауға ерекше басымдық беріп келеді. Мәселен, жыл басынан бері шет мемлекеттерге құны 17,6 млн долларды құрайтын бидай мен 49,3 млн долларға ұн өнімдері экспортталған. Жалпы ауыл шаруашылығы экспортының көлемі бүгінгі таңда 211,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға өскен. Ал импорт көлемі 320 млн АҚШ долларын құрап, 4 пайызға кеміген.

Оңтүстік дихандары 5 елге 400 мың тонна бақша өнімін экспорттады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 376,5 млрд теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 57 млрд теңгеге көп. Яғни, диқандар биыл 400 мың тоннаға жуық астықты қамбаға құйса, 116 мың тонна жеміс-жидек пен 919 мың тонна көкөніс, 295 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі