Оңтүстік Қазақстан облысына Жапониядан делегация келді

264
Оңтүстік Қазақстан облысына Жапониядан делегация келді

Оңтүстік Қазақстан облысына Жапониядан делегация келді. Tohoku Electric Power энергетикалық компаниясының өкілдері өңіріміздің энергетикалық саласына инвестиция құю мүмкіндігін қарастырады.

Жапон компаниясының өкілдері облыс әкімі Жансейіт Түймебаев және кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының жетекшісі Батырхан Құрмансейітпен кездесті.

Кездесу барысында делегаттар әріптестікті одан әрі нығайту және дамыту мақсатында энергетикалық салада, оның ішінде баламалы энергия көздері саласында біріккен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды әңгімелесті. Шетелдік мамандар осы мақсатта зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Tohoku Electric Power компаниясы Жапониядағы көлемі жағынан төртінші электр-энергетикалық компания саналады. Кәсіпорынның ірі және шағын АЭС, ЖЭС, СЭС және т.б. нысандарды салуда және пайдалануда тәжірибесі бар.