Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады

911
Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады

Оңтүстік Қазақтан облысында 2017 жылдың I жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құраған. Осылайша республика көлемінде облыс 5-орынды иемденіп отыр. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің бастығы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

Биылғы қазан айындағы көрсеткіш бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 374 907 млн теңгеге жеткен. Инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіп саласына, көлік және қоймалау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 57,3 пайызын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған.

Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады

— Республика бойынша тіркелген заңды тұлғалардың 8,4 пайызы біздің облысқа тиесілі. Астана және Алматы қалаларынан кейінгі орынды алып отырмыз.  Облыста заңды тұлғалардың жиі тіркелетін қызмет түрі – сауда саласы. Мәселен, бөлшек сауданың көлемі биыл 340 761 млн теңгені құрады. Ал көтерме сауданың көрсеткіші 502 599 млн теңгеге жеткен, — деді Айдар Ахметбекұлы.

Бұдан бөлек жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны биыл 177 мың 14-ке жетіп, былтырмен салыстырғанда 4,9 пайызға артқан.  Жалпы республика бойынша жұмыс істейтін субьектілердің 15,3 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Сонымен қатар, биыл өңірде шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандардың саны 357 412 адамға жетіп отыр.

Айта кететіні, 2017 жылдың қаңтар-маусым айларындағы көрсеткіш бойынша шағын және орта кәсіпкерлер шығарған өнім көлемі 381 632 млн теңгені құраған.

Жалпы, Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындары 684 млрд теңгеге жуық өнім өндірді.

Оңтүстікте жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн теңгені құрады

— Он айда өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 683, 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында -146 млрд 56 млн теңге, өңдеу өнеркәсібінде — 467, 7 млрд теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда — 57 454 млн теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша 12 524 млн теңгенің өнімі өндірілді, — деді А.Әбілдабеков.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 471,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан және мал шаруашылығы 3,4 пайызға өсіп, 188 192 млн теңгеге жетті. Осы бағытта облыс республика көлеміндегі үлесі бойынша 2-орында келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі