Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енді

375
Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан  Темірхан мәлім етті.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Нәтижесінде өңірлік карта жобасы дайындалып, «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына  облысымыздан 104 нысан ұсынылды. Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіш жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген.

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді

— Шымкент қаласындағы жергілікті маңызы бар Қаратөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн 436 мың теңге, Қаратөбе қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 40 млн теңге, Оба патшалық қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 24 млн теңге, Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін 1 млрд 513 млн теңге, Ордабасы тауына 1 млрд 200 млн теңге қарастыру жоспарланып отыр, — деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан  Темірхан.

Бұдан бөлек алдағы жылы Сайрам ауданындағы «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін  31 млн 436 мың теңге бөлінбек. Биылға Шымкенттегі ескі қала орны аумағында археологиялық парк-музей, ашық аспан астындағы музей құру үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға және археологиялық жұмыстар жүргізуге қалалық бюджеттен  100 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 38 млн 500 мың теңгеге, ал кәсіпкерлердің есебінен 219 млн 84 мың теңгеге облыстағы сәулет ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді.

Жиын қорытындысымен «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімдігінің арнайы қаулысы қабылданды.

— Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәдениет саласында жоспарлы жұмысты жалғастыруымыз керек. 2018 жылғы 3 сәуірге дейін «Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі іске асырылатын іс-шаралар үшін қажет ететін қаржы көлемін құрастырып,  ұсынуды қамтамасыз етуі қажет. Осы ретте қала, аудан әкімдіктері тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, — деді Жансейіт Түймебаев.

Оңтүстіктен «Қасиетті Қазақстан» жобасына 23 орын енгізілді

Қабылданған қаулыға сәйкес дарынды тұлғаларға қолдау көрсету, қазақ өнерін насихаттау, әлемдік іс-тәжирібе алмасу мақсатында халық шығармашылығының түрлі жанрлары бойынша жақын және шетелдерге іс-сапарларға шығу да қарастырылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі