Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

569
Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын биогаз қондырғылар кешені іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасының жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр.

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті.

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

— Қондырғылар кешенінде халықаралық көрмесінде ұсынылған Чехияның «HEDVIGA GROUP» компаниясының жаңа технологиялары қолданылды. Технологияның ерекшелігі қаланың сарқынды суларды тазалау имаратынан шыққан шөгінділерді өңдеп, одан биогаз алып қолдану арқылы, жылу және электр энергияларын өндіру болып табылады. Нәтижесінде бұл технология сыртқы ортаның ластануын едәуір төмендетіп экологияны жақсартуға үлкен үлес қосады. Жалпы облыста жаңғырмалы энергия көздері саласын дамыту басты назарға алынған. Мысалы, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды, — деді әкім.

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Идея авторы «Су ресурстары — маркетинг» ЖШС болып табылатын жобаның құны — 2 млрд 200 млн теңге. Технологиялық процеске сәйкес қондырғы қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 текше метр метан газы (биогаз) өндіреді. Мұнда тұрақты жұмыс орнымен 20 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар өндірілген энергия кәсіпорынның жылу энергиясына қажеттілігін толығымен, ал электр энергиясына қажеттілігінің 50 пайызын жабатын болады.

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Жалпы облыс көлемінде мемлекет басшысының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыста жалпы қуаты 183,9 мегаватт болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінде оның 4 жобасы жүзеге асырылды.

Орта Азиядағы алғашқы биогаз қондырғылар кешені Оңтүстікте іске қосылды

Ал жыл соңына дейін Қазығұрт ауданында Достық шағын су электр станциясы іске қосылады. Бұдан бөлек Сарыағаш ауданы, Жылға ауыл округінде қуаты 20 МВт «Жылға» және Мақтаарал ауданы Жетісай қаласы маңында қуаты 5,0 МВт екі күн электр станцияларының құрылыс жұмыстары басталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі