Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

521
Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың әлеуетін барлық салада тиімді пайдалуымыз қажет. Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесіне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Өңір басшысы ауданға іс-сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен де танысты. Соның бірі – Мұхтар Оразалиев атындағы «Ұлан» спорт кешені болатын. Жобалық құны 120 млн теңге кешенде барлық жастағы аяқдопшылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Жалпы алаңы 1,5 гектарды құрайтын нысанда 2 үлкен, 2 шағын футбол алаңы бар. Мұнда жас спортшылардың жыл он екі ай спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндік қарастылған. 2011 жылы іске қосылған кешеннің жайлы қонақ үйі, спортпен шұғылдану және жуынатын бөлмелері де бар.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Облыс әкімі жас спортшыларды баулуға үлес қосып отырған кешеннің жұмысына оң бағасын беріп, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына да қолғабыс білдіріп тұруға кеңес берді.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Мұнан соң облыс әкімі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде несие алған жеке кәсіпкер Ұлықбек Ырсалиевтің шаруашылығына ат басын бұрды. Мал шаруашылығын дамытуды мақсат тұтқан кәсіпкер таяуда «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы 5 млн теңге несие алыпты. Ол қаржыға 34 бас мал сатып алып, бордақылап отыр.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Бүгінде қорасында 20 ірі қара мал бар. Үй іргесіндегі небәрі 14 соттық жер телімін тиімді пайдаланып отырған кәсіпкерді жұмысына разы болған әкім облыстың өзге тұрғындарын үй іргелік кәсіптің тиімділігін үйренуге шақырды

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

— Қандай керемет. Үйіңіздің ауласы тар болса да тап-тұйнақтай. Кішкентай ғана аулада бау өсіріп, мал бордақылап, табыс тауып отырсыздар. Сондықтан облыстың өзге тұрғындарын осындай ұсақ шаруашылықтарды ертерек меңгеруге шақырамын, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Өңір басшысының назарынан «Өрлеу» жобасы аясында 312 мың теңге демеу қаржы алған кәсіпкер Нұржан Балабековтің тігін цехы да тыс қалған жоқ. Бұл қаржыға ол тігін машинасы мен жіп құралдарын сатып алыпты. Мұнда қазір қыз жасауына қажет оюлы көрпе-төсек жабдықтары тігілуде.

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Сайрам ауданында 52 млрд теңгенің өнімі өндірілді

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі