Сарыағашта түн ішінде жүрген жасөспірімдер анықталды

286
Сарыағашта түн ішінде жүрген жасөспірімдер анықталды

Заң баршаға ортақ. Түрлі құқық бұзушылықты алдын алуды ойлаған құзырлылар алдын алу іс-шараларын жиілетті. Тәртіп сақшылары, әсіресе, кәмелет жасына толмаған жеткіншектерді қадағалап жүр. Заң бойынша, жеткіншектер кешкі тоғыздан кейін көшеде жалғыз жүруге болмайды.

Ережеге құлақ аспағандарға қатал шара қолданылады. Сондықтан түнгі рейд жұмыстары толастамайды. Бұл жолы Сарыағаш аудандық прокуратура өкілдері тексеруге шықты.

Рейд кезінде аудандағы барлық ойын-сауық мекемелері мен интернет ойынханалары жіті тексерілді. Тәртіп сақшылары клубта кәмелетке толмағандар үшін орын болмауы керек дейді. Ойын-сауық орталықтарының әкімшілік-ұйымдастыру мамандарына осыны түсіндірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері дәл осындай рейд барысында 20-ға жуық жасөспірім ұсталыпты. Оның бесеуі бейімдеу орталығына жіберілген. Қалғандарының ата-анасы қомақты айып төлеген.

Ескерте кетейік, кәмелетке толмағандар түн ішінде қыдыра алмайды. Егер құзырлыларға ұсталып жатса, өзі және ата-анасы жауап береді. Заң босаңсыған ата-аналарға кешіріммен қарамайды.