Шымкентте үш елдің агрономдары бас қосты

«Қазақстандағы мегаполистердің ауыл шаруашылығы өнімдерімен, азық-түлікпен қамтылуы, кооперация құру мәселелері мен шешімдері». Бүгінгі күннің бұл өзекті тақырыбын ОҚМУ ғалымдары, Өзбекстан, Қазақстан және Украина елдерінің ауыл шаруашылығы саласының мамандары талқыға салды.

Халықаралық конференция екі күнге жалғаспақ. Түрлі секциялар жұмысы барысында мегаполистердің азық-түлік белдеуі, оны дамыту жолдары туралы ұтымды ұсыныстар жасалатынына жауаптылар сенімді.

Шымкентте үш елдің агрономдары бас қосты

Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған басқосу ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін барынша тиімді пайдалану жолдарын нақтыламақ. Қазігі таңда Шымкент қаласында шаруа қожалықтары 31 кооперативке біріккен. 62 мың гектар жер ауыл шаруашылығына тиесілі. Онда өсірілетін мал етімен қала тұрғындарының 22 пайызы ғана қамтылған.

Шымкентте үш елдің агрономдары бас қосты

Көкөніс пен жемістің көрсеткіші соңғы жылдары біршама өскен. Бүгінде 65 пайызға жетіпті. Қарқынды бауларды дамыту қолға алынып отыр. Ендігі жерде өнімділікті арттырып, ауыспалы егіс мәселесін қарастыруда ғылыми жобаларды енгізуге басымдық беру керек дейді мамандар. Сонда қолға алған бастама нәтиже болмақ.