Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

727
Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Бүгін Шымкент қаласында жөнделген Металлургтер саябағы қайта пайдалануға берілді.  1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

 

Ашылу салтанатында сөз алған өңір басшысы тұрғындар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, қайта жаңартылған саябақтың 60 жылдық тарихы бар екенін атап өтті.

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы баршамызды жаңғыруға, жаңаруға шақырады. Рухани жаңғыру өзімізді құрметтеуден басталады. Қаламызды таза ұстасақ, мәдениеті жоғары болса, тұрмысымыз жетіліп отырса, осындай саябақтарда аналарымыз, апаларымыз, балаларымыз қыдырып, демалып жүрсе, осыдан асқан бақыт жоқ шығар. Рухани жаңғырудың бір белгісі осы болса керек. Дәл осындай саябақтардың қатары жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда бұрынғы қорғасын зауыты маңында 40 гектар аумақта жаңа демалыс аймағының құрылысы жүріп жатыр, — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Саябақтың ашылу салтанатында Елбасының курстасы Аманəлі Əбдрахманов та сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан ыстық ықыласын білдірді.

— Қала орталығындағы Металлургтер саябағы бүгін адам танымастай кейіпке еніп, жаңарып отыр. Осы істі қолға алған облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегенеміз — ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ — деді Аманəлі Əбдірахманов.

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Шымкентте қайта жөнделген Металлургтер саябағы ашылды

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы Металлургтер саябағының іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын субұрқақ та салынды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі