Шымкентте "Jeff Tailor" тігін үйінің филиалы ашылдыКомпания жаңалығы 

Шымкентте «Jeff Tailor» тігін үйінің филиалы ашылды

Шымкентте елімізге танымал «Jeff Tailor» тігін үйінің филиалы ашылды. Енді стильді әрі ерекшелікті қалайтын ер-азаматтар Астанаға ат тартып, эксклюзивті киім тігуге тапсырыс беріп, сабылмайтын болды.

«Jeff Tailor» тігін үйінің Шымқалада ашылған филиалына қонақтар арнайы жиналды. Айтулы күнді атап өтуге ең стильді жандар келген. Олар тігіс тігудің сан сырларынан хабардар болып қана емес, Jeff Tailor-дың эксклюзивті киімдеріне тапсырыс беру сертификаттарына ие болды.

Әділ Омаров: «Шымкентте жүріп, тігін дүкенінің ашылатынын естідім. Келдім, таныстым. Болашақта Jeff Tailor тігін үйінің қызметтерін пайдалану ойымда бар.»

Стильді, қымбат, бірақ эксклюзивті. Jeff Tailor — бұл шеберлік пен кәсібиліктің орталығы. Мұнда өз қалауыңыздағы стильден бастап киіміңіздің әр ұсақ-түйегі, үлгісі мен түймесіне дейін таңдай аласыз. Тапсырыс берушінің өлшемін бірнеше рет өлшеп, әр адамның дене пішінінің ерекшелігін де назарға алады. Өз келушілеріне Jeff Tailor 17 мыңнан астам Италия, Сингапур мен Англиядан тасымалданатын сапалы маталарды ұсынады. Ал шеберлер ойыңыздың толық жүзеге асуы үшін барын салуда.

Гауһар Өтелбаева, Jeff Tailor тігін үйінің құрылтайшысы: «Биыл Jeff Tailor тігін үйінің ашылғанына — 10 жыл. Осыған орай Шымкентте өз филиалымызды ашуды көздедік. Өйткені Астанаға арнайы келіп, бізге тапсырыс берушілердің дені дәл осы Оңтүстік өңірден. Сондықтан, клинеттеріміздің жұмысын жеңілдетуді ойладық.»

Иә, енді бірегей әрі қайталанбас үлгідегі киімдерге қол жеткізу Шымкентте де мүмкін болып отыр. Ал егер әлі де киім дизайнын таңдап үлгермесеңіз, Jeff Tailor тігін үйінің мамандары көмектеседі. Сондықтан дене пішініңіз бен бойыңыздың өз ерекшелігін ескере отырып, сәнді әрі стильді болғыңыз келсе, Қонаев пен Төреқұлов көшесінде орналасқан «Бақ» бизнес орталығына келіңіз. Тел нөмірі: 8-778-546-46-68.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 17/1. Қонаев даңғылының қиылысы. «БАҚ» бизнес-орталығы.

Махаббат Әбдешова

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz