Шымкентте кинолог мамандар мен іздестіру иттерін оқыту курсы басталды

263
Шымкентте кинолог мамандар мен іздестіру иттерін оқыту курсы басталды

Бүгін Шымкентте кинолог мамандар мен қызметтік-іздестіру иттерін оқыту курсы басталды. АҚШ-тан келген оқытушы-кинологтар мен жергілікті мамандар кинология саласының соңғы тәсілдерін меңгеруде тәжірибе алмасуда.

Иісшіл итер «тәспісінен жаңылмайды». Бұйрықты бұлжытпай орындап, есірткі заттарын іздестіруде белсенділік танытты. Көліктерді тінту операциялары да сәтті аяқталды. Тәртіп сақшылары төрт аяқтылармен бірлесіп, жарылғыш затты да қас-қағым сәтте анықтап берді. Ал валюта табуға машықтанған иісшіл иттер күдікке ілінген көліктен бір бума ақшаны оп-оңай тапты.

«Найза» лақап атты иісшіл ит жетекші маман Ғани Әбдірамановтың сенімді серігіне айналған. 6 айлығынан үйретілген жануар республикалық додаларда топ жарып келеді. Осыған дейін иесін жерге қаратпаған Найза түрлі қарапайым ойындар арқылы есірткі затын іздестіруге әбден бейімделген.

Шымкентте кинолог мамандар мен іздестіру иттерін оқыту курсы басталды

Айта кетейік, жыл басынан бері кедендік шекарада офицер-кинологттар мен оларға бекітілген қызметтік иттердің қатысуымен есірткі кантрабандасының 46 дерегі анықталған. Осы уақыт аралығында заңсыз айналымнан жалпы көлемі 800-ден келіден аса есірткі заты тәркіленді.

Бір айға жалғасатын оқыту курсының алғашқы күні кинологтар мен ақылды иттер өздеріне берілген барлық тапсырманың үдесінен шықты. Қазір кинологиялық тәлімбақта 25 ит бар. Олардың төртеуі жарылғыш заттарды іздестіруге, бірі валюта табуға машықтанған. Қалған төбеттер есірткі бизнесінің жолын кесуге үйретілуде.

Мақпал Рысбаева