Созақ ауданында шағын футбол алаңы ашылды

1194
Созақ ауданында шағын футбол алаңы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елдімекенінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Салыхан Полатов Елбасымыздың халықтың дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту тапсырмасының кезең-кезеңмен орындалып отырғанын жеткізді.

Созақ ауданында шағын футбол алаңы ашылды

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде Созақ өңірінде 236 спорт ғимараты тұрақты түрде жұмыс істейді. Оның ішінде футбол алаңдарынан бөлек ипподром, тенис алаңы, жүзу бассейндері де бар.

Бұдан кейін Созақ аудандық мәслихатының хатшысы Бегімбет Байғараев, ардагер спортшы, Созақ ауданының құрметті азаматы Аманғали Аймұрзаев сөз сөйлеп, жиналған спорт сүйер қауымды құттықтады.

Созақ ауданында шағын футбол алаңы ашылды

Алаңның құрылысына аудандық бюджеттен 11 млн теңге бөлініп, жанкүйерлер отыратын орындықтар, қақпа, жасанды төсеніш төселіпті. Бұл күні жаңа алаңда ауыл командалары арасында футболдан жарыс өтті. Енді жыл соңына дейін ауданда демеушілер есебінен тағы бір спорт алаңшасы ашылады деп жоспарланып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі