Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

511
Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының орталығында әрқайсысын 2 пәтерлі 14 коммуналды үй тапсырылды. Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Аймақ басшысы аудан орталығы – Темірлан ауылында «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кезекте тұрған әлеуметтік тұрмысы төмен  отбасыларға табыстап, жаңа қоныс берекелі шаңыраққа айналуын тіледі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Атаған үйлерді салған «Барыс-Тассай» ЖШС нысанды мерзімінде аяқтап, пайдалануға беріп отыр. Ордабасы ауданында барлығы 30 коммуналды үй бар. Мұндағы әр үйді жалдау бағасы – 1 шаршы метрге 50 теңге болып белгіленген.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Айта кетейік, ауданда коммуналды баспана кезегінде 243 адам тіркелген. Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мақсатында аудан әкімдігі көпқабатты үйлерді салу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Осы күні облыс әкімі Төрткүл ауыл округіндегі Қарсыбай Спатаев ауылындағы ауыз су жүйесінің іске қосылу шарасына қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Жаңа тартылған су құбырының ауыл халқы үшін орасан зор қуанышты оқиға екенін алға тартқан өңір басшысы облыстағы елдімекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету облыстың даму бағытында атқарылатын жұмыстардың бастысы екенін жеткізді.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Мереке қарсаңында ауылдағы 136 отбасы, яғни 1600 тұрғын таза ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл нысанның құрылысын облыстық бюджет есебінен «Құрылыс-сервис- СК» ЖШС жүзеге асырып, пайдалануға берді. Жоба құрылысына 98 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында ордабасылықтар баспаналы болды

Жалпы аудан көлеміндегі 57 елдімекеннің бүгінгі таңға 39-ы құбырлы ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың  88,7 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. Алдағы 2020-2021 жылдары ауданды толық сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі