«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы «Оңтүстік Азық түлік компаниясы» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Жандос Қалдарбекұлы:
— Оңтүстік тұрақтандыру қорының тізіміне жаңа өнім түрлері енгізілді ме?
— ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 9 қазанындағы №1280 қаулысымен бекітілген өңірлік азық түлік тауарлары қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаттарына байланысты ОҚО Тұрақтандыру қоры қалыптасты. Қорда бүгінгі таңда 200 тонна сиыр еті, 1240 тонна шекер, 2500 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны, 2000 тонна картоп, 1000 тонна пияз бар. Қазіргі таңда тұрақтандыру қоры тұрақты жұмыс істеуде.
— Тұрақтандыру қоры қымбатшылықтан құтқара ма? Өнімдердің көлемі жеткілікті ме?
— Нарық болғаннан кейін сыртқы факторлардың әсері болуы мүмкін. Шекараның жабылуы сынды факторлар бар. Тұрақтандыру қорының негізгі принципі ол нарықты толыққанды қадағалау емес. Нарықта баға өсіп бара жатқанда бағаны төмен түсіруге ОҚО тұрақтандыру қоры қауқарлы.
— Ең қажетті өнім картоп. Картоптың бағасы аса шарықтауы мүмкін бе?
— Картоп өнімін келесі жылдың мамыр айының соңына дейін сақтауға мүмкіндік бар. Одан әрі өніп кетеді, бұзылады. Оны маусымға ,шілдеге дейін сақтай алмайсың. Биыл жаздық өнім кеш пісті. Соңғы екі жылда картоп өнімі қымбаттап жатыр. Көршілес Өзбекстан ауылшаруашылығы саласын көкөністен жеміс-жидекке қарай бұрған. Сондықтан Өзбекстанда былтыр, биыл картоп тапшылығы сезілді. Өзбекстан кәсіпкерлері тек қана Қазақстан емес Ресей, Украина, Белоруссиядан картоп тасыды. Ол біздің нарыққа да әсер етті. Биыл былтырғыдай картоп бағасы қымбат болады деген болжам жоқ. Биыл ОҚО-да 292 мың тонна картоп өнідірілді. Облыстың тұтыну мөлшері 275 мың тонна. Негізі облыс өзінің тұтыну мөлшерін өтей алады. Шаруалар тек қана ерте пісетін картопты егеді. Оны қысқа сақтау мүмкіншілігі жоқ. Ал күздік картопты солтүстік облыстар егеді.
— Әлеуметтік дүкендер турасында айтып өтсеңіз..
— Қаланың аумағында 20 әлеумепттік дүкен ашылмақ. Тұрақтандыру қорының және арзандатылған бағада сататын болады.
— «Фиркан» сауда үйінде сатылады дедіңіз. Басқа қай жерден табуға болады?
— Қазіргі таңда аптасына екі рет өтетін жәрмеңкеде тұрақтандыру қорының өнімдері сатылып жатыр. «Алаш» базарында сатылуда. «Айна базарымен» келіссөздер жүргізілп жатыр… Картоптың тым шарықтап кетуіне тұрақтандыру қоры жол бермейді. Жағдай бақылауда.