Жыл сайын қараша айының үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде және Қазақстанда халықаралық темекі тартумен күрес күні аталып өтеді. Осыған орай облыстық наркологиялық аурухананың дәрігерлері, психолог мамандар мен «Үміт» қоғамдық бірлестігінің мүшелері орталық саябақта акция ұйымдастырды.
Іс-шара барасында ақ халаттылар жастарға шылымның бастапқыда балалық ермек, кейін жаман әдет, ең сорақысы, соңында айықпас ауыруға алып келетіні жайлы ақпарат берді. Қызықты тақырыпты қамтығандар сұрақ-жауап виктаринасын өткізді.
Осы кезде жас толқынның екінші бөлігі «Темекіге жол жоқ» тақырыбында ойларын сурет арқылы жеткізді. Облыстық наркология ауруханысының мамандарының айтуынша, облыста темекіге тәуелді жастар тіркелмеген.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырған іс-шара спорт ойындарымен жалғасты. Әр сайыстың жеңімпаздары ұйымдастырушылар дайындаған арнайы сыйлықтарға ие болды.
Әлия Әділбек