Жас мамандар жұмыссыз қалмауы тиіс

403
Жас мамандар жұмыссыз қалмауы тиіс

Жас мамандар жұмыссыз қалмауы тиіс. Бұл — Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде жиі талқыланатын тақырып. Өңірдегі жұмыс берушілердің басын қосып, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетудің жолы қарастырылды. Мамандарды дайындау аясында әлеуметтік серіктестікті дамытудың мәселелері тақырыбында әңгіме өрбітті. Кәсіпорын басшылары білікті кадр болса, жұмыспен қамтуға дайынбыз дейді. Ол үшін дуальды оқыту жүйесі үздіксіз жүргізілуі керек деп келісті.

Отызға жуық мамандық бойынша тәлім беретін оқу орнын тәмамдаған әр студент жұмыссыз қалмауы керек. Бұл жоба жылдан-жылға жемісін беріп келеді. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы әлеуметтік серіктестік негізінде дуалды білім беру жүйесін жолға қойған. Жаңа әдістер жүйесін жаңарту барысында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көшкен. Болашақ мамандардың біліктілігін артыру және кедергісіз тәжірибеден өту мәселесі басқосуда тағы да жіті талқыланды.

Жоғары оқу орнында болашақ педагогикалық маман иесінің теориялық білімін кәсіпорындарда тәжірибемен ұштастыруына жағдай жасалған. Оқытушылар құрамы студенттердің таңдаған мамандықтарының қыр -сырын меңгеруіне қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

Дөңгелек үстелге қатысқан жұмыс берушілер Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тәжірибесі үлгі тұтарлық дейді. Мекеме және ұйымдардың басшылары бүгінгі заман талабына сай мамандарды даярлауда бірлесе жұмыс істеуге келісті.