Жыл соңына дейін Шымкент қаласындағы 982 отбасы жаңа қоныс тойын атап өтеді. Пәтер кезегін күткендер үшін Төлеметов көшесіндегі көп қабатты үй салынып бітті. Бүгін сол құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімдігінің жауапты мамандары салынып жатқан үйлердің сапасын көпшілікке көрсетіп, пәтерлер кімдерге берілетінін түсіндірді.
Шаһардағы ең биік саналатын үйлердің бірі — 9 қабатты. Ол Нұрсәт шағынауданында орналасқан. Құрылысы толық ақталып,өз иелерін күтіп тұр. Бұл алпысқа жуық пәтердің кілті Тұрғын үй жинақ банкісінде салымы бар азаматтарға беріледі.
Жалпы жыл соңына дейін осы аумақтан 56 және 74 пәтерлі 27 көпқабатты үй қолданысқа берілмек. Ал шаһарда жыл басынан бері аумағы 302 шаршы метр болатын 76 үй салынды.
Осылайша Тұрғын үй жинақ банкі өз салымшыларына көрсетілетін қызмет ауқымын кеңейтіп, ел игілігіне берілетін пәтер санын көбейтпек. Бұдан бөлек 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс орталығында 2478 пәтерлі үй салу жоспары бар. Банк салымшылары үшін пәтердің әр шаршы метрі 140 мың теңгені құрамақ. Ол ыңғайлылығы жағынан үшінші класқа жатқызылған.
Стастистика бойынша бүгінгі таңда үй салып, оны өткізу 6 есеге өссе. 2018 жылы бұл көрсеткіш 10 есе болады деген болжам бар. Бұл екінші класты жайлылықты қоспағандағы көрсеткіш. Ол «Өз үйім» атты бағдармама бойынша пәтердің әр шаршы метрінің құны 180 мың тенгені құрайды. Ал жеке үй салушыларының есебінен іске асатын бағдарлама бойынша салынатын пәтерлердің әр шаршы метрінің құны 220 мың теңгеге жетеді. Қалай десек те баға мен жайлылықты таңдау салымшылардың өз еркінде.
Нұрлан Күдерұлы