Қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

306

Бүгін Шымкентте «нұротандықтар» бірнеше мәселелер бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Төрт бірдей құрылым өкілдері қатысқан жиында ауыл шаруашылығы мәселелері мен сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қатысты түрлі түйіткілдер қаралды.

Қоғамдық қабылдауға келген қауымның қарасы қалың. Себебі қаралатын мәселелер ауқымы кең. Шағымданушылардың арасында сайрамдық тұрғын Гүлжаухар Мәмбетәлиева да бар. Мүгедек баланың күтіміндегі ана мемлекеттен берілген баспанасын жекешелендіре алмай жүргенін айтады.

Тұрмыс тауқыметін тартқан тұрғынның жеке қосалқы шаруашлығын ашқысы келетін жоспары бар. Күнкөрісін қамдағысы келетін оның көкейдегі сауалдарына жауап беретін мамандар болмады. Сондықтан ол құқықтық кеңес беру орталығына жолданды.

Жер дауы, сапасыз жолдың жайы да қоғамдық қабылдаудың тақырыбына арқау болды. Аталған салалар бойынша мәселелері шешілмей созбалаңға салынған тұрғындар жауаптылармен жүзбе-жүз кездесіп, арыз-шағымдарын айтты. Шенеуніктер тұрғындарды тыңдай келе олардың мұқтаждықтарын заң аясында шешіп беруге уәте етті.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтетін келесі қоғамдық қабылдау 18 қаңтарға жоспарланып отыр. Тұрғындар білім, дін ісітері, тіл мәселеріне қатысты арыздана алады.