Тұрмыстық техника сататын» Эврика» дүкені ұтыс ойыныың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жеті кроссовердің кілтін табыстады. «7 жаңа жылдық керемет» науқаны 6 қараша мен 14 қаңтар аралығында жүрген болатын. 50 мың теңгеден жоғары бағаға тұрмыстық техника сатып алған оңтүстікқазақстандық тұрғындар акцияға қатысуға мүмкіндік алды.
Эврикада 7 жаңажылдық керемет акциясы жеңімпаздары белгілі болды. «Рено Каптюр» кроссоверінің кілтіне бірден 7 бақытты жан ие болды. Мұндай сәттілікке сене алудың өзі қиын. Жеңімпаздар аң таң, олар дәл осындай тосынсыйға тап боламын деп ойламаған.
Су жаңа көлікпен үйіне Шымкент қаласының тұрғыны Камаш Мошқалова да аттанды. Қуанышын сөзбен жеткізу қиын дейді жеңімпаз.
«Эврика» компаниясы Шымкент, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш,Тараз бен Қарағанды қалалары тұрғындарының армандарын орындады. Тұтынушыларын тосыннан қуанту компанияның негізгі мақсаты.
Данияр Сасықов, «Еврика» компаниясының маркетинг бөлімінің директоры: «Эврика» компаниясы тұтынушылар нарығында 17 жылдан астам мерзім аралығында жұмыс жасап келеді. Осы мерзімде біздің команда жетекші әлемдік брендтердің сан алуан бұйымдарын ұсыну бойынша және дүкендердегі қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыс атқарды. Біз «Ең керемет баға кепілдігі» акциясын бастадық. Оның аясында әрбір сатып алушыға нарықтағы ең тиімді шарттарды ұсынуға кепілдік береміз».
Суперакция биыл да жалғасын табады. «Эврика» компаниясы бағалы сыйлықтар мен жүлделердің ұтыс ойынын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Лотереялардың шарттарын Қазақстандағы 6 өңірде орналасқан «Эврика» дүкендері үлкен желісінің бірінде танысуға болады. «Эврика» компаниясының акцияларына сіз де қатысыңыз.
Шынар Оразова