Жеделсатының саны көп, сапасы жоқ

520

Шымкент ақылды қала жобасына енген аймақ. Мұнда соңғы үлгідегі құрылыс материалдарымен салынған көпқабатты үйлер көптеп бой көтеруде. Барлығында жедел саты орнатылған. Бірақ, сол қызметті жүйеге салып жүгендейтіндер жоқ. Есесіне, әркім жедел сатыға қожайын болып алған. Бір басшыға бағынбағандықтан жауапкершілік болмайды, қауіпсіздік қадағаланбайды.

Шымкент қаласының аумағы кеңейіп көпқабатты үй санының артуы сол үй тұрғындары үшін және бір мәселені туғызды, ол жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар үшін қажетті жедел саты. Сала мамандарының айтуынша сол жедел сатыны күтіп ұстап қызмет көрсететін мекемелерді жүйелеу керек. Жеделсатылардың саны көп болғанымен, сапасы жоқ.

«Шымкентлифтмонтаж» серіктестігі шаһардағы жедел сатыларды күтіп ұстап, қызмет көрсететін, кеңес одағынан қалған жалғыз мекеме. Сол себепті күн сайын дистпечерлік орталықа тұрғындардан 10-15 өтініш түседі. «Барлығына көңіл аудару басты міндетіміз» дейді сала мамандары. Кей кездері тіпті өзге мекеменің жұмысын жасайтын уақыттары да болады екен .

«Лифтке қызмет көрсететін мекемелер көп .бірін білмен енді бірін мүлдем танымаймыз .қызымет көрсетуді мойындарына алып тұрғындармен келісім шарт жасайды бірақ оны орындамайды амал жоқ әкімдік сұранған соң біз барамыз»

Жедел саты діттеген жерге тез жеткізеді, бірақ төлем ақысы қалтаны ұрады. Бұл мәселе бүгінгі таңда көпқабатты үй тұрғындарының бас ауруына айналған. Қаланың бас жоспарына сай Шымкенте көпқабатты үйлердің саны артады. Олардың барлығы көпқабатты, яғни, әр үйде екі-үш лифтен болады. Оларды күтіп ұстау да оңай шаруа емес. Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде 116 жедел саты бар. Оған Кеңес одағынан қалған 68 лифті қосыңыз. Талапқа сай, олар әр 25 жыл сайын ауыстырылуы тиіс. Бірақ бұл талап одақпен бірге келмеске кеткен. Қалада осы уақытқа дейін 21 лифт қана жаңартылған, 12 лифт мүлдем жарамсыз дейді жауаптылар.

Осы саланы оңтайландырудың бір жолы қызмет көрсететін мекемелерді лицензиялап, тұрақты бір баға орнату қажет. Сала мамандары сонда ғана жауапкершілік артып, қауіпсіздік қадағаланады дейді. «Қойшы көп болса, қой арам өледінің» кейпін киген компаниялар қалада көбейіп кеткен. Мекемелердің жауаптылығы қадағаланбай мәселе оңбайды. Дәл осы мәтінде Астанаға хат жолданып, жауабы күтілуде.

Нұрлан Күдерұлы