Үй ұрылары ұсталды

345

 

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері облыс орталығы аумағында техникалық заттар мен басқа да бағалы заттарды ұрлауды кәсіп еткен үш үй ұрысын ұстады

Полиция бөліміне ақпан айының басында жәбірленушілердің бірі арызданған, онда белгісіз тұлға теледидары мен ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үш күдіктіні ұстады, олар Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктілердің екі миллион теңгеден астам бөтеннің мүлкін ұрлаудың 20 жайтына қатысы бары анықталды. Аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей, үй ұрылары жымысқы әрекеттерін үй иелері жоқ кезде ашық қалған есік немесе терезе арқылы кіріп отырған. Тәртіп сақшылары пәтер ұрлықшыларының құрбаны болмау үшін, тұрғындарға сақ болуын ескертеді, өзінің мүлкіне мұқият болу, пәтердің есік-терезесін ашық қалдырмау, үйдің терезелеріне қорғаныш торлар мен дабыл қондырғыларын орнату секілді сақтық шаралары арампиғылдыларды ұстауға септігін тигізетінін ескертеді.

Шымкент қаласының полицейлері алдын алу шараларының қабылдануы облыс тұрғындарына ұрлық жайты орын алғанда жағымсыз жағдайлардан аулақ болуына және үйлерін қорғауға көмектеседі деп үміттенеді.