Айтулы мерекеге орай банк басшылығы республика аумағында қайырымды істердің марафонын бастады. Акция аясында шымкенттіктер демалыс күндері тарихи-өлкетану мұражайында болып қайтты.
Халық банкінің өкілдері қайырымды істердің басы-қасында жүр. Демалыс күндері шаһар тұрғындары еліміздің тарихы мен салт-дәстүріне қанығуға мүмкіндік алды. Банктің 95 жылдығына орай тарихи өлкетану мұражайына кіру тегін болды.
Акцияның алғашқы күні мұражайға жүздеген оқушы келді. Олар табиғат экспозияциясы мен археология, палеонтология, этнография залдарында болып, президент көрмесін де тамашалады. Келушілерге экскурсия мен викториналық ойындар ұйымдастырылып, фильмдер ұсынылды.
Бұл акция аясында ұйымдастырылған екінші шара. Осыған дейін шымкенттіктер мұз сарайында болған. Қайырымды істер әлі де жалғасады. Көпшілікті қызықты шаралар күтуде.