Шымкентте Халық банкінің тағы бір филиалы ашылды

623

Шымкентте Халық банк филиалының таєы бір бөлімшесі ашылды. Енді қарт кісілер зейнетақысын алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрмайтын болды. Өйткені мұнда үш бірдей банкомат тәулік бойы жұмыс істейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=r-jiKPsgO00[/youtube]

Бұл – Халық банкі филиалының Оңтүстіктегі №43 бөлімшесі. Жаңадан бой көтерген ғимаратта барлық қызмет түрі заманауи үлгіде көрсетілетін болады.

013

Банк бөлімшесінің ашылуы зейнеткерлерге қуаныш сыйлады. Солардың бірі – Ұлсара Асимова. Енді қария өз зейнетақысын алу үшін қала ортасына сабылмайды. Ұзын-сонар кезек күтпейді.

Жаңадан ашылған ғиммарат заманауи үлгіде жабдықталған. Касса саны -8, одан бөлек банк қызметінің барлығы алдыңғы қатарлы технологиялар арқылы жүргізіледі. Ақша аударымы, несие төлеу, валюта айырбастау, депозит салымдары сынды қызмет түрлерін тұтынушылар жоғары деңгейде пайдалана алады. Уақытты үнемдеу үшін электронды түрде қызмет те көрсетіледі.

014

Сондай-ақ үш бірдей банкомат тәулік бойы жұмыс істейді. Жаңадан ашылған бөлімше, Қонаев даңғылы, № 38 үйде орналасқан. «Электроника әлемі» сауда үйіне қарсы бетте.