Пайдаланушылары көбейіп, банкомат жетіспей жатыр

385

Шымкент қаласындағы Темірлан тасжолының бойында тұратын зейнеткерлер редакциямызға шағым айта келді. Айтуларынша, жол бойындағы Халық банкінің банкоматы алынып тасталған. Банкомат іздеп, жан-жаққа сабылған жұрт тиісті ақшасына қол жеткізе алмай жүр екен.

003

Жақын маңайдан банкомат іздеп сабылған зейнеткер Жамиля апай бүгін зейнетақысын алу үшін осында келді. Ол бұрын уақыт шығындамай-ақ үйіне жақын банкоматтан кез келген уақытта керекті сомасын алып, қажетіне жарататын.Қазір тиесілі қаражатына қол жеткізу үшін табаннан тозып жүр.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=hrSYhaqzMqA[/youtube]

Темірлан тасжолы бойында бұл маңайда бұрын Халық банкінің банкоматы орнатылған болатын. Осы аумақта тұратын зейнеткерлер, жұмыскерлер үшін банкомат қызметін пайдалану тиімді әрі ыңғайлы еді.

Ал банк өкілдері банкомат орнатылатын жеке нысан иесімен арадағы келіспеушіліктерден құрылғының алынып тасталғанын айтады. Қазір банкоматтардың жаңа легін күтіп отырмыз, сондықтан бұл мәселені қыркүйекке дейін шешеміз деп уәде беріп отыр.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=FZacOte0_xk[/youtube]

Қазір облыс бойынша Халық банкінің 124 банкоматы 440 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетуде. Тұтынушылар мен есеп айырысу құрылғыларының жартысына жуығы Шымкент қаласына тиесілі. Негізі, бұл қызметке деген сұраныс жыл санап артып отыр дейді мамандар.