«Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесіне келушілер көп…»

572

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы облыстық тарихи өлкетану музейінің ақпараттандыру бөлімінің басшысы Гүлмира Лазар:

– Таяуда өлкетану музейіне келушілердің саны анағұрлым артады. Өйткені Елбасы кітапханасы «Дәуір. Тұлға. Қоғам» атты көшпелі көрмесін әкеліп отыр. Осы көшпелі көрме туралы айтып өтсеңіз…
– Кеше ғана тарихи өлкетану музейіне Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесінің облысымызға алғаш келуі салтанатты жағдайда ашылды. Бұл жоба 2017 жыл қолға алынған. Оның бастамасы Алматы қаласынан басталған. Елбасы «Алматыдан кейін Шымкентке алып барыңдар» деп өзі айтыпты. Әрине бұл біз үшін үлкен мәртебе. Қуанып қалдық. Облыстардың ішінде бірінші болып бізге алып келіп отыр екен.
– Ашылу салтанатына кімдер қатысты?
– Ашылу салтанатына ҚР Президенті канцеляриясының басшысы Махмұт Қасымбеков өзі бастап келді. Астана қаласынан бірқатар қонақтар, облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Жас ғалымдар, оқытушлар көп келді.
– Елордадан келген қонақтардың айтуынша бұрын еш жерде таныстырылмаған құрметті наградалары, марапаттары әкелініпті…
– Көрме төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі «Көшбасшы жолы, «Көшбасшы феномені», үшіншісі «Елбасы мәртебесі – ел мәртебес», төртіншісі «Әлем таныған – Елбасы» деп аталады. Бұл көрмені жасақтаудың негізгі мақсаты – Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы жан-жақты ролін көрсету болып отыр. Бірінші бөлімде балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі тарихы туралы мәліметтер көрсетіліп отыр. Ең бірінші бөлімде ата- бабалары, шыққан тегі, туған туыс, отбасына байланысты материалдар қойылған. Оның ішінде құнды жәдігер Елбасының анасы Әлжанның қолданған ұршығы бар. Ұршық – қазақ әйелімен сипаттас, бірге жүретін, егіз ұғым ғой. Президентіміз 5 жасынан бастап өзінің 12 атасын жатқа білген екен. Бұл кісі Қарасай батырдың ұрпағы екендігі белгілі. Қарасай батырдың үзеңгілес болған батырлардың басына киген дулығасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұдан өзге де көптеген қызықты материалдар көп. Оны тек келіп көзбен көрудің ғанибеттігі ерекше екендігі айқын.