Шетел азаматы ұрлықпен айналысқан

365

Сарыағаш ауданының полицейлері ОҚО-да шекара аумағында қалта ұрлығымен айналысып жүрген 35 жастағы шетел азаматын ұстады. Аудандық полиция бөліміне 23 жастағы жәбірленуші арызданған, онда кеден бекетінің бірінде белгісіз тұлға оның қалтасынан ұялы сымтетік пен құжаттарын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Сарыағаш АІІБ-ның жедел ізкесушілері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті Өзбекстан азаматын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда аталған қалта ұрлығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.