Úı Jańalyqtar Шетелдіктер үшін туристік жарна алынып тасталды

Шетелдіктер үшін туристік жарна алынып тасталды

Туристер

Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу ережелеріне түзетулер енгізілді. «Орналастыру орындарында туристік жарнаға нөл пайыз мөлшерінде мөлшерлеме қолданылады», — деп көрсетілген түзетулерде.

Бұған дейін Қазақстанда 0,2-ден 0,5  айлық есептік көрсеткішке /АЕК/ дейін (690-нан 1726 теңгеге дейін) тіркелген мөлшерлемелер қолданылған.
Сондай-ақ ережеден туристер ағыны ұлғайған немесе төмендеген жағдайда мөлшерлемені көтеруді немесе төмендетуді көздейтін тармақтар алынып тасталады.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдіктерден міндетті туристік жарна-bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында елдің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1%-тен 5%-ке дейінгі мөлшерлемелер бекітілді.
Кейінірек бұл мөлшер қайта қаралып, пайызбен емес, АЕК-ке байланысты есептелді. Алайда, турбизнес өкілдері жалпы жарнаға қатысты  наразылықтарын білдірген еді.