Түбіртектегі көрсеткішке көңілі толмаған тұрғындар тұтынушылар құқықтарын қорғау бірлестігінен араша сұрады. Ал бірлестік төрағасы Бегім Төлентаевтың айтуынша, жарық есептегіштер мен газ көрсеткішіне күдігі сейілмегендердің арызы қаралып жатыр екен. Жақын күндері өз есептеулерін дайындап, нәтижесімен таныстырмақ.

Қоғам белсендісі, осы айда тұрғындардан тұтынған жылудың төлемдеріне қатысты сұрақтар көптеп келгенін айтты. Мәселен, қаңтарда 31, ақпанда 28 күн бола тұра, түбіртектерде төленетін сома өзгермеген. Көпқабатты үй тұрғындарын мазалаған бұл мәселені біз жылу берушілерге қойдық.

Марина Хохлова, «Қуатыжлуорталық-3″ МК маманы: «Жылыту маусымы 1 қарашада басталып, 1 сәуірде аяқталады. 143 күн деп бекітілген. Осы күндерге тұтынатын жылу мөлшері де есептелген. Сондықтан қаңтарда 31, ақпанда 28 күн болсын, тұтынған жылудың сомасы бір. Ал есептегіш құралдары бар көпқабатты үйлерде ол көрсеткіштегі сомамен есептелінеді».

Шынар Оразова