Айта өтетін ақпарат, өткен жылы аталған мюзикл «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Франция, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінде сахналанып, шетелдік талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленген. Ал бұл гәстрөлдік іс-сапар Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойының құрметіне қолға алыныпты.