«Көктем 2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

701

Бүгін ел аумағында «Көктем 2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Көктем кезінде болуы мүмкін су тасқынын алдын алу үшін ұйымдастырылған шарада авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығы пысықталды.

Сондай-ақ, оқыс оқиға кезінде қолданылатын материалдық-техникалық базаның жағдайы да сынақтан өтті. Оқу жаттығудың сценарийі бойынша үйлерді су басқаны туралы кезекшілік-диспетчерлік қызметіне қала тұрғынынан хабар түседі.

Дабыл бойынша оқиға орнына Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, жедел-құтқару жасағының жеке құрамы келіп жетеді. Коммуналшылар тез арада тазалау жұмыстарына, ал жауынгерлер жағалауды нығайтуға кіріседі.
Тұрғындар тез арада қауіпсіз жерге көшіріледі. Оқу-жаттығу кезінде айтып келмейтін апат кезінде шұғыл әрі дұрыс әрекет жасауды үйріндік дейді олар.

Су тасқынын алдын алу үшін ұйымдастырылған пысықтау шарасына 200-де аса техника және жеке құрамның 167 адамы тартылды. Арнайы қызмет өкілдері өздеріне берілген әрбір тапсырманың үдесінен шығып, төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екендіктерін көрсетті.

Айта кетейік, былтыр арнайы жасақ оншақты шақыртуларға шығыпты. Жыл басынан бері су тасқынына байланысты әлі ешқандай дабыл болған жоқ деп сендіреді төтеншеліктер.