Облыс әкімі ханымдарды құттықтады

469

«Әйел-Ана, өмірдің өзегі!» Облыс әкімінің қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтау шарасы осылай аталды. Жігіттер жағы бұл күні аруларды сырттан күтіп алып, құттықтап, дастархан басына шақырды.

Облыстың барлық аудан-қалаларынан арнайы шақырылған сұлулар — түрлі салаларда аянбай тер төккен азаматтар және олардың қатарында күнгейдің дамуына күні бүгін де үлес қосып жүрген іскер әйелдер, батыр аналар, басшы келіншектер бар. Өңір жұртының 52 пайызын құрайтын нәзік жандылардың арасында кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген, шешімді батыл қабылдайтын келіншектер көп. Барлығы да бүгін ақжарма тілек, ыстық ықыласқа бөленді.

Жігіттер бұл күнге арнайы, әзіл шыны аралас фильм дайындапты. Өздері ән де айтты. Оларға бүлдіршіндер де қосылды. Осындай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп отырған батыр аналарға алтын алқа, ал тірлігін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектерге облыс әкімінің алғыс хаты тапсырылды.

Зәуре Оралбаева