Шетелдік ұры “гастрольде“ жүр…

481

Түркістан ҚІІБ-ның кезекші бөліміне жергілікті 60 жастағы жәбірленуші белгісіз тұлғалар оның ауласынан бағасы шамамен 700 000 теңге тұратын трансформаторын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жедел ізкесушілері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті 1978 жылы туылған Өзбекстан азаматын ұстаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлаудың 4 жайтына қатысы бары анықталды. Күдікті қамауда. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы