Шымкентте екі адам газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай қаладағы көпқбабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды inform.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, иістен уланып көз жұмғандардың бірі өзбекстандық азамат болған. «11.03.2018 ж. сағат 17:45-те Шымкент қаласы, Республика даңғылы №15 «А» үй, №24 пәтерде болжам бойынша газ калонкасының ақауы салдарынан улы газдың иісіне 1967 жылы туған З.С.Эликбаев және 1975 жылы туған Г.Гайпова (Өзбекстан Республикасының азаматшасы) уланып қайтыс болған» делінген хабарламада.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайын Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап, тексеру шараларын жүргізуде. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде газдан уланудың 7 жайты тіркеліп, одан 15 адам зардап шекті. Салдарынан 11 адам қайтыс болса, оның екеуі бала болып отыр.