Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің елордасы Астананың 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының арнаулы және әлеуетті құрылымдарының құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футбол бойынша «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының біріншілігі болды.
Жарыстың басты мақсаты ұжымда спорттық ойын және қызметтік-қолданбалы түрін дәріптеу, арнайы құрамның физикалық дайындығын жетілдіру және патриоттық тәрбиелеу болып табылады, сондай-ақ динамолық қозғалысты және өз мекемесінің абыройын қорғауға тұрарлық жақсы ойыншыларды шығаруды насихаттайды.
Дәстүрлі республикалық жарыстарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ҚР ІІМ МКҚБ, ҚР ІІМ ТЖК, ҚР ҰҚК, ІІМ ҚАЖК, ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық ұланы, ҰҚК шекара қызметі, сондай-ақ ҚР қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ат салысты. Барлығы тоғыз құрама команда қатысты.
ОҚО ІІД бастығы, облыстық дене шынықтыру-спорт қоғамы «Динамо» филиалының төрағасы мерекелік іс-шараны ашып, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған жарысқа қатысушылар мен қонақтарға жеңіс пен сәттілік тіледі. Үш күнге созылған футбол 2018 жылдың 13 мен 15 аралығында облыстық футбол Академиясынының алаңындағы «Биик» спорт кешенінде жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар ойын барысында өз шеберліктерін көрсете білді.
Жарыстың қорытындысы бойынша финалға ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК шықты. Әсерлі және ымырасыз күресте ҚР ІІМ командасы финалда ҚР ҰҚК командасын 3:2 етіп бірінші орынды, ал ҚР ҰҚК екінші орынды иеленді. ҚР ІІМ МКҚБ командасы 1:0 есебінде жеңіліп, үшінші орын Бас прокуратура командасына тиді.
ОҚО ІІД мен «Динамо» ДСҚ басшылары жарыстың соңында жеңімпаз және жүлдегер командаларды кубок, медаль, дипломдар мен бағалы жүлделермен марапаттады. Сондай-ақ біріншіліктің ең нәтижелі ойыншыларын диплом мен бағалы жүлделермен марапаттады, оның ішінде: ҚР ІІМ командасынан Данияр Сағындықов үздік қорғаушы, Бас прокуратура командасынан Қуаныш Зулкашев үздік қақпашы, ал үздік шабуылшы ҚР ҰҚК қызметкері Нұрсұлтан Дарашев атанды.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы