Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» қабылдау үйінде ардагерлерге арнап мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекелік жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне сый құрмет жасап, бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпаққа алғыстарын жеткізді.

Ардагер Әлімбет Тегісбайұлы жастық шағын сұрапыл соғысқа сыйладым дейді. Отты жылдары атты әскер қатарында болған жауынгер нәубет кезеңді тебірене еске алды.

Әлімбет Тегісбайұлы, ҰОС ардегері: «Варшава жерінде болдық. Пулеметчиктер дивизиясында соғыстық. Қолдан, аяқтан жараландым. Енді ол күндер өткенмен, санада мәңгі сақталады ғой, шырағым. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бүгінгідей заманға мың шүкір».

Бүгінгі мамыражай бейбіт күн кеудесін оққа төсеген ерлердің еңбегі. Бейбіт өмір сыйлаған аға ұрпаққа шексіз алғыс! Жеңіс тойы қарсаңында жергілікті билік өкілдері аргерлерге мерекелік дастархан жайып, ізет көрсетті. Өнерпаздар әннен шашу шашып, майдангерлерді бір серпілтіп тастады.

Өкініштісі сол, жеңіс сыйлаған батырлар қатары жылдан-жылға сиреп барады. Бүгінде күнгейде 174 ҰОС ардагері тұрып жатыр. Айналаласы бір жыл ішінде аймақта 60 шақты майдангер көз жұмыпты. Алайда, жылдан-жиылға азайып бара жатқан ардегерлерге қамқорлық уақыт өте артып келеді.

Мұхит Отаршиев, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: «Бюджеттің барлық деңгейінен бір реттік төлемдерді жүргузіге 220 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Соғыс ардагерлеріне 100 АЕК көлемінде, тыл еңберлеріне теңестірлген азаматтарға 5 АЕК көлемінде қаралған. Ардагерлерге тиісті қамқорлық жасауға барлық деңгейдегі құзырлылар жауапты».

Жалпы Ұлы Отан соғысына өңірден 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмаған. ІІ -ші дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азамат Кеңес Одағының батыры атағын, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері атаныпты.