93 жастағы ардагер Ильдус Зильянович Шарафутдинов ешқашан өз терезесінің алдынан әскери оркестрдің дыбысын естіп көрмеген. Нағыз батыр үшін бүгін жеке шеру, гүлдер мен сыйлықтар тарту етіліп, Шымкентегі 6506 әскери бөлімінің қызметкерлері мен қалалық мәслихаттың депутаты Әйгерім Жұмағұлова майдангерге ерекше алғыс айтты.


Осылайша сұрапыл соғыс ардагері жеңіс шеруін өз үйінің ауласында тұрып қабылдады. Ұлттық ұлан музыканттарының өнерін туыстары мен жақындары да тамашалады. Барлығы Ұлы Отан соғысының батырымен бірге қол шапалақтап, ән шырқады.

Ильдус Зильянович соғысқа 1941 жылы шақырылған. Ол бүкіл взводты басқарды, бірнеше жарақат та алды, ақыры Берлинге жетті. Көрсеткен ерлігі үшін бірнеше орден және медальдармен марапатталды.

Сартбай Нүкеш, ҚР Ұлттық ұлан командирінің орынбасары: «Мереке қарсаңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан депутатпен бірге сіздерді құттықтауға және денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеуге келдік».

Капитан Шарафутдинов «бойымдағы күш пен қуат жас сарбаздардан кем емес» деп әзілдейді. Атақты Катюшасыз қандай шеру өткен? Оркестр әуендерді ойнағанда, әр нотаның таныстығы соншалықты кеудедегі жүрек ерекше соғады, көз жасын ұстап тұру әсте қиын. Ардагерлер осындай сәтте өміріндегі ең маңызды, 1945 жылғы мамыр күнін еске алады.

Ильдус Шарафутдинов, ҰОС ардагері: «Маған өте ұнады, қатты қуандым. Бастысы, бәріміз аман болайық. Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын».

Бұдан кейін оркестр «Славянмен қоштасу» шеруімен қадам басып, тағы бір ардагер шаңырағына барды. Бұл үйде қайтыс болған майдангердің жұбайына құрмет көрсетілді.


Тоқтажан Тишибаева ардагер жолдасы туралы естелікті мәңгілік жадында сақтайды және ерлікпен шайқасқан күйеуінің оқиғаларымен бөлісуге әрқашан да дайын.

«Рақмет бәріңе. Бала-шаға аман болсын. Солардың рахатын көре беріңдер. Біздің жасымызды берсін».

Соғыс ардагерінің жұбайына да естелік сыйлықтар тарту етілді. Өкініштісі күн өткен сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары азайып келеді. Жақында ғана үшінші мегаполис Ұлы Отан соғысының тағы бір батырын жоғалтты. Енді Шымкентте Жеңістің 76 жылдығын 20 ардагер қарсы алады…

Сондықтан осы сәтті пайдалану өте маңызды, жарқын болашақ үшін, әрқайсымыз үшін өзін аямай соғысқа аттанып, ерлік көрсеткендерді айтулы мерекемен құттықтаңыз, құрмет көрсетіңіз!

                                      Мөлдір Ибадуллаева