Шымкентте ағылшын тілін үйренуге көмек қолын созатын түрлі курстар жетерлік. Енді тегін үйренуге мүмкіндік туып отыр. Ағылшын тілін АҚШ азаматшасы үйретеді.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ағылшын тілі кафедрасының базасында ұйымдастырылған курста еріктілер жұмыс атқарады. Солтүстік Королина штатының тұрғыны Кортни Симпсон ағылшын тілін үйретпек.
Бүкіл әлемге ортақ тілді үйрену әр жұма сайын 11:45 және 13:20 аралығында аталмыш жоғары оқу орнының Қонаев даңғылының бойындағы №8 корпусында өтеді. Бұдан бөлек Қытай тілін үйренемін деушілерге де керемет мүмкіндік туып отыр. Оны да Қытай азаматы Луань Синьжун үйрететін болады.