Мемлекеттік сатып алу мониторингін сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер меңгеруде

22

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілер үшін оқыту ұйымдастырылды. Лектор ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер, «ЭРА-KZ» ҚБ басшысы Зарина Таштемирова тартылды.

Кездесу барысында мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілдері мен тәртібі, бағаны көтеру мәніне мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг, тауарлар мен қызметтерге медианалық бағаны айқындау қаралды.

Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, осы саладағы проблемалық сұрақтарға тоқталып, қатысушыларды қызықтырған мәселелерге жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белсенді азаматтарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі,3 мекенжайы бойынша немесе 8(7252) 98-15-79 телефоны арқылы хабарласуға болады.