Арнаулы кәсіптік колледж студенттері жеделсатыға зәру. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар білім алатын облыстық орталық Кентауда орналасқан. Үш қабатты ғимарат қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Бірақ, жоғары қабатқа таситын жедел сатының жоқтығы жандарына батады. Оған шынығатын спорт алаңшасының жоғын тағы қосты. 2-3, тіпті 1-топ мүгедектері білім алатын колледжге арнайы барып, жағдайларымен танысып қайттық.
Айдана Жораева арнаулы кәсіптік колледжінің екінші курс студенті. Болашақ тігінші. Арманы, өз ькәсібін ашып, қыз жасауын тігу. Қазір қайтарымсыз несие алып, қол сөмкесін өз дизайынмен жасап, саудалап жүр. Мүмкіндігі шектеулі жанның шабытын дәл осы колледж ұстаздары ашқан. «Мүмкіндігі шектеулы жандарға айтар едім, төрт қабырғаға қамалмай, осында келіп оқыңдар. Мұнда білімнен өзге орта бар, дос табасың, кәсібіңді ашуға үйретід. Жаныңа рахат табасың. Менің осындай жетістікке жетуіме жағдай жасаған Үкіметке рахмет»-деп қосты. Айдана секілді 80 бала, арнаулы кәсіптік колледжде білім алады. Олар тігінші, есепші, ЭЕМ операторы мамандықтарын игеріп, мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Оқу ордасы жыл сайын жаңа оқулықтармен толғып, дәрісханалары заманауи құрылғылармен жабдықталады. Білім алуға барлы жағдай жасалған.Бірақ, тірек қиымылы бұзылған балалардың жүріп-тұруы қиын. Колледжге 2-3 топттағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай-ақ, бөгде адамның көмегінсіз жүре алатын 1-топтағы балалар да оқи алады. Өйткені, ғимаратта жедел саты қаралмаған. Бұған дейін мекеме басшылары басқармаға хат жазып, жедел саты салып беруді сұранған. Бірақ, нәтиже шықпапаты. Енді студенттер өздеріне керегін түгелдеуге көшті. Мадияр Қожа, студенттік кеңестің жетекшісі: «Кейде көп адамдар келеді. Бірақ, осы жеделсатының жоқтығынан арбада отыратындар кетіп қалады. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды ұлғайтып, жеделсаты салып берсе дейміз. Не болмаса жомарттық танытатын кәсіпкерлер болса, бізге көмектесуге шақырамыз». Колледж оқушылар мемлекет қамқорлығында болады. Яғни, 4 мезгіл тамақ беріледі, жатақханамен қамтылады. ЕКі аусымды киім-кешек тегін беріледі. Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталып отырады, оған қоса шәкіртақы төленеді. Медициналық қызмет көрсетіледі. Физкабинетте барлық ем-дом жасалады. Әсем Гауханбаева, арнаулы кәсіптік колледжінің дәрігері: » Біздегі балдардың 80 пайызы неврологиялық ауруы бар. Сосын аяқ-қол тірекдерінде ахауы бар. Туа біткен паралич. Оларға үнемі медициналық қадағалау керек. Біз 24 сағат бойы кезекшілік етеміз. Түрлі құрылғылардың көмегімен ем қабылдатамыз. Мұнда барлық жағдай жасалған». Айтпақшы, бұл колледжде жаны өнерге, спортқа құмар студенттер көп. Шығармашылықты шыңдауға да барлық жағдай жасалған. Сабақтан тыс үйірмелер жұмыс істейді. Ал спорт залдары болғанымен, алаңшалары жоқ. Бұл параолимпиада жеңімпаздары шыққан оқу ордасына керек-ақ. Сабира Тұрсынбай, студент: «Бізге спор алаңшасы да қажет. Біз жаттыға алмаймыз, дайындық жасауға кедергі тудырады. Өйткені ғимарат ішіндегі зал тар. Осыны ескеріп, демеушілік танытатын азаматтар болса. Мүмкін, біздің де арамыздар параолимпиада ойындарының чемпиондары шығып қалар». Колледж басшылары балалардың өтінішін қанағаттандыру үшін жауаптыларға талай рет хат жазған. Бірақ, еш натиже шықпапты. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы балалардың бұл жолы өздері сұраған сатыны жасап береді деп сенейік.