Оңтүстік Қазақстан аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы жаз мезгілінде өрттен қорғауға сақадай сай. Күнгейде 3,5 млн. га орман алқабы бар.
Басым бөлігі Шардара, Созақ, Отырар аудандарында. Дəл осы аймақтарда өрт шығу қауіпі жоғары. Мәселен Шардарадағы 906 мың га жасыл алқаптың тең жартысын сексеуіл ағашы алып жатыр. Сексеуіл тез тұтанғыш ағаш қатарында. Дегенмен соңғы жылдары мұнда бірде бір өрт оқиғасы тіркелмеген. Мұның барлығы алдын алу жұмыстарының жемісі дейді мамандар.
Шардара аумағында орман шаруашылығы инспекцияна қарасты 11 бекет жұмыс істейді. ОҚО — ның өзге аймақтары өрт оқиғаларының алдын алуда мұндай жетістіктерімен мақтана алмайды. Былтыр 85 га. жалмаған 4 өрт оқиғасы тіркелген. Биылдың өзінде 213 га жерді шарпыған 2 өрт фактісі болған.