Жергілікті билік өкілдері ардагерлерді құттықтады

519

Ардагерлер саны жылдан-жылға азайып келеді. Былтырдың өзінде майдангерлер саны 61-ге бір-ақ кеміпті. Қарттың қадірін көзі тірісінде білу қажеттігін ескерген билік өкілдері сый-құрметке лайық жандардың үйді-үйіне барып құттықтап жүр.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, елге оралғандардың бірі – Батыр Төрехановты үйіне барып құттықтады. Ол өзінің жалындаған жастық шағын қан майданға арнады. Чита қаласында полктің Быков автоматты-барлау ротасында шайқасты. Малта, Цицикор қалалары мен Жапон соғысына да қатысты.

Жергілікті атқамінерлер Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Бирюковті де ұмыт қалдырмады. Жеңіс туын желбіретуге атсалысқан майдангердің саулығын сұрап, сый-сыяпат көрсетті. Ол неміс басқыншыларына қарсы ұрыста Сталинград майданының сол жақ шебінде, Яшкуль, Эллиета, Приютное, Гигант қалаларында азат етуге қатысқан. Қария «Украинаны неміс басқыншыларынан азат еткеніне 60 жыл» медалімен және «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталған.