Су арнасы мекемесінің мамандары дабыл қағуда. Олар су есептегіш құралдарының қолды болып жатыр дейді.
Айтуларынша, соңғы бірнеше күннің өзінде қалада 30 – дан астам құрылғы ұрланған. Салдарынан Қазыбек би, Әлімбетов, Сапарбаев, Макаров, Перов, Толстой көшелерінің тұрғындары бірнеше сағат бойы ауызсусыз отыруға мәжбүр болған.
Ал мекеме келтірілген шығындарды өз есебінен жабуға мәжбүр. Мамандар жасалып жатқан жұмыстың еш кетіп жатқанына қынжылады. Сөздеріне сенсек, ұрлық жәйттері бойынша Әл-фараби аудандық ішкі істер органдары әрекетсіз отыр. Олай деуге негіз жоқ емес. Себебі, жаңартылған есептегіш құралдары осымен бір емес, бірнеше рет ұрланған. Ол-ол ма?
Ұрлық жасаған азаматтың видеоға түсіп қалған кескін-келбеті де мамандардың қолында бар. Ішкі істер органдары емес, су арнасының мамандарының өздері камераның иесіне өтініш айта жүріп алдырыпты.