«Қайтпас-1» шағынауданында «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға Алматы тас жолындағы №72 мектептің маңында тіркелді. Қатты жарақат алған азаматшаға куәгерлер лезде жедел жәрдем шақырды. Оқиға басына келген ақ халаттылар жарақат алған азаматшаны бірден ауруханаға алып кетті.
Жол бойында ескертпелер ілініп тұрса да «Мерседестің» жүргізушісі жол белгілерін елемеген де. Дәл оқиға болған жерде жылдамдықты 40-тан асырмау туралы ескертпе белгісі орнатылған. Айта кететін тұс жәбірленуші жаяу жүргінші жолағынан жолды кесіп өтпеген. Енді тәртіп сақышылары істің мән жайын анықтайтын болады.