Шымкентте екі елдің Бас прокуратура өкілдері кездесті

717

Шымкентте ҚР Бас прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасы Бас прокуратура өкілдері кездесті. Қылмыстық қудалау шеңберіндегі халықаралық тапсырмаларды орындау, заңсыз еңбекке тарту, сотталған Өзбекстан азаматтарын беру мәселелері екі жақты талқыланды.

Шекарадағы өткізу-бақылау бекеттерінен автокөліктік айналым жасау да басқосудың өзегіне айналды. Өзбекстанның Ташкент облысының прокуроры Баходир Пулатов өзбек елінен келетін еңбек мигранттарының қауіпсіздігі маселесін көтерді.

Ақтөбе қаласы маңында тірідей өртке оранған 52 марқұм өзбекстандықтар туралы да айтылды кездесуде. Қазастан мен Өзбекстан прокуратураларының өзара әрекеттесуі, екі жақты келісімді одан әрі қарай жетілдіру, шекаралық қарым – қатынас ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға алып келетіндігі айтылды.

Жиын соңында екі елдің Бас прокуратуралары өкілдері заңсыз еңбекке тартудың алдын алу, сотталғандарды беру, қылмыстық құқықтық саладағы халықаралық тапсырмаларды орындауға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.