Шымкентте 41 жастағы ер адам токқа түсіп қайтыс болды. Кәдімгі электр шамы ажалға сеп болған. Шымкент қаласы Сайрам тұрғын үй алабының тұрғынын сағат 13.30 шамасында электр желісінің кесірінен көз жұмған.
Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, марқұм ОҚО ТЖД аудандық бөлімдерінде басшылық қызметте болған. Түскі үзіліске келген жігіт ағасы екінші қабаттағы бөлменің электр шамын ауыстырмақ болып, жоғары көтерілген.
Абайсызда қолы электр желісіне тиіп кетіп, орындықтан құлап түскен. Туыстары жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер 41 жастағы ер адамның өлі екендігін анықтаған.