Түркістанда терезеден 7 жасар қыз бала құлап мерт болды

392

Түркістан қаласында 2011 жылы туған қыз бала терезеден абайсызда құлап, мерт болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған балақай 1-ші шағынауданда орналасқан көп қабатты үйдің 5-ші қабатынан құлаған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі дереу ауруханаға жеткізгенімен қыз баланы құтқару мүмкін болмады. ОҚО ТЖД ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды ескертеді.